Жаңаөзенде тұрғындар газ бағасын төмендетуді талап етті

2311

Жергілікті тұрғындар билікке талабын айтып, митингке шықты.  

Жаңаөзенде тұрғындар газ бағасын төмендетуді талап етті

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында тұрғындар газды арзандатуды талап етіп, билікке бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.

Олар Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Жаңаөзен басшысы Мақсат Ибағаровқа бейнеүндеу жолдады.

Тұрғындардың айтуынша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап газ бағасы күрт өскен: 120 теңге.

Жаңаөзендіктер Қазақстандағы ең төменгі жалақыны ескеріп, газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді талап етті. Олар Маңғыстау облысында газ үнемі болғанын қалайды. Жергілікті биліктен әзірге жауап жоқ.

Айта кетейік, елде биыл бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңге болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу