Polisia.kz мәліметінше, күдікті бірнеше адаммен бірге жәбірленушіден 200 мың теңге алған. Кейін оған "қорғау және қамқорлық" көрсетуді сылтауратып, ай сайын 100 мың теңге төлеуді талап еткен. Уақыт өте бұл сома 500 мың теңгеге дейін өскен.
"Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін күдікті жедел түрде ұсталды", – деп хабарлады полиция.
Ұстау кезінде одан арнайы таңбаланған 60 мың теңге тәркіленді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына жіберілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.