Жаңаөзенде тұщы су зауыты салынады

1248

"Өзенмұнайгаз" АҚ мен "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС Жаңаөзен қаласының әкімдігімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Жаңаөзенде тұщы су зауыты салынады

Мұнай компаниялары "Кендірлі" демалыс орнында ауызсу тазартатын зауыт салмақшы.
Мұндай ақпаратты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Өзенмұнайгаз" АҚ мен "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС Жаңаөзен қаласының әкімдігімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Премьер-министр А.Маминнің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес су тұщыту зауытын салу бойынша "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС әзірлеп жатқан техникалық-экономикалық негіздемені әлеуметтік жоба ретінде қайта саралауды көздейді. Тиісінше, Жаңаөзен қаласының тұрғындарын ұзақ уақыт бойы ауыз сумен қамтудың талаптарына сай келетін судың сапасына техникалық талап өзгертілді", –делінген ақпаратта.  

Зауыт Маңғыстау облысының "Кендірлі" демалыс аймағының аумағында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының қаражатына салынады деп жоспарлануда. Кешен тәулігіне 50 мың текше метр суды тазарта алады. Бүгінде Жаңаөзен қаласы ауызсуды 2000 шақырымдағы Қиғаш өзенінен тасып отыр. 

"ҚазМұнайГаз" жүйесіне кіретін "Астрахан-Маңғышлақ" су құбыры Еділдің суымен жергілікті халықты, өнеркәсіп нысандарын, коммуналдық және бюджеттік ұйымдарды, ауыл шаруашылық құрылымдарды қамтамасыз етуде. Халық санының өсуіне және жаңа кәсіпорындардың құрылуына байланысты су құбырының қуаты жеткіліксіз. Қазіргі уақытта Қаражанбас кен орнында су тұщыту зауыты салынуда. Бұл зауыт өңір үшін Еділ суының тәулігіне 17 мың текше метрін босатуға мүмкіндік береді", – делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу