Жаңаөзенде қару-жарақты дайындаумен және өткізумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қарумен айналысатын қылмыстық топ бизнесті нақты жүйемен қарқынды дамытып келген. Тіпті әлеуметтік желілерде клиенттік база да құрылған болып шықты.
Қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қабылдаған шаралары көмегімен қылмыстық жоспарлар мен жүйелердің жолы кесілді.
Күдіктілерден төрт "Калашников" жауынгерлік автоматы, бір дана өздігінен оқталатын "Симонов" карабині және 48 оқ дәрі тәркіленді.
Тасым Жаңай