Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында полиция мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жедел іс-шара барысында жеке базаның аумағынан төрт тонналық мұнай ыдысы тәркіленді.
Операцияны ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы бөлімшесі бірлесіп жүргізген.
Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан базаны тінту кезінде мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылды. Оқиға орнында бір ер адам ұсталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тәртіп сақшылары мұнай өнімдерінің шығу тегін және оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу