Жаңаөзенде жалақы мәселесімен ереуілге шыққандарға қатысты сот шешімі шықты

1241

Жаңаөзенде жалақы көтеруді талап етіп ереуілге шыққан жұмысшыларға қатысты сот шешімі шықты. 

Жаңаөзенде жалақы мәселесімен ереуілге шыққандарға қатысты сот шешімі шықты

"Бұрғылау мекемесіндегі жағдайға қатысты сот шешімі шықты (ереуілге шыққандары заңсыз)", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәжіліс отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, министрлік мәселелердің бәрін "қадағалап", заң тұрғысынан "көмек береді".

"Ешкімді жалақы көтеруге міндеттей алмаймыз, мәселе жұмысшы мен жұмыс беруші арасында шешілуі керек", – деді ол.

Айта кетейік, Жаңаөзенде жұмысшылар бірнеше күннен бері ереуілдеп жатыр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу