Жаңаөзенде жарты тоннадан астам бекіре балығы тәркіленді

457

Полицейлер заң бұзған ер адамды "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қолға түсірген.  

Жаңаөзенде жарты тоннадан астам бекіре балығы тәркіленді Фото: polisia.kz

Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" принципі бойынша жұмыстарды үздіксіз жалғастырып жатыр.

– "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ІІМ криминалдық Полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу