Жаңаөзенде жас босанған ана қайтыс болды

1064

Туыстары әйелдің өліміне дәрігерлерді кінәлауда.

Жаңаөзенде жас босанған ана қайтыс болды Фото: лада.кз

Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасының гинекология бөлімінде жас босанған ана қайтыс болды. 32 жастағы әйелдің қайтыс болу себептерін арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

32 жастағы Бибі Қуанованың анасы гинекология бөлімшесінің дәрігерлерімен сот ісін жүргізуге ниетті. Оның айтуынша, 17 шілдеде қызы жұмыс орнында ауырып қалады. Ол жүктіліктің жетінші айында болған. 

“Алдымен Бибі жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіледі, бірақ жүктілігіне байланысты қалалық аурухананың гинекология бөліміне жіберілді. Қабылдау бөлімінің фельдшерлері мен дәрігерлері оны дер кезінде, қалыпты түрде ауруханаға жатқыза алмады”, - дейді туыстары.

Баланы да, ананы да құтқару мүмкін болмаған. Қайғылы жағдайға марқұмның анасы дәрігерлерді кінәлайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу