Жаңаөзен қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері жалақыларын 350 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті.
"Біз осыған дейін талай рет еңбек және әлеуметтік жағдайымызды жақсарту мақсатында Еңбек кодексінің шарттарын негізге ала отырып барлық кезеңнен өттік. Еңбек дауына байланысты көптеген жиын ұйымдастырылды. Бірақ олардан ешқандай нәтиже болмады. Қазір қымбатшылық бүйірден қысып тұрғанда еңбекақымызды орташа жалақы есебінде 350 мың тг етуді сұраймыз. Осы талап орындалмаса 15 тамызда жұмысты тоқтататуға мәжбүрміз", – дейді жиналғандар.
Қазір жедел жәрдем қызметкерлері 120 мың теңгедей жалақы алады.
Тасым Жаңай