Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның 7 баласы бар. Күдікті ретінде жұбайы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындап, арты қайғылы жағдаймен аяқталған", – дейді Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Сағынов.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.