Облыстық ТЖД департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді. Оқиға бүгін 15 сағат 10 минутта болды. Ешкім запдап шеккен жоқ.
"Рахат-3 шағын ауданы, №27 көшеде, автожолда қозғалыс кезінде "МАЗ" автокөлігі жер үсті газ құбырына зақым келтірді. Құбырдың диаметрі 50 мм құрайды. Нәтижесінде тұрғын үйлерде газ беру ішінара тоқтатылды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚазТрансГазАймақ" ЖЗҚ АҚ 13 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды", - деді Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.