Жаңаөзенде жұмыссыздар алаяққа 1 млн теңгеге алданды

545

Алаяқ жұмыссыздарды мұнай компаниясы мен балабақшаға жұмысқа орналастырамын деп алдап соққан.  

Жаңаөзенде жұмыссыздар алаяққа 1 млн теңгеге алданды Фото: google.com

Жаңаөзен тұрғындары уәденің орындалғанын біраз уақыт күтеді. Алданғандарын түсінген соң полицияға арызбен жүгінеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Алаяқтық әрекетті жасаған күдікті мұнай саласындағы жұмыс пен балабақшаға жоғары лауазымға орналастыру үшін жалпы сомасы 1 млн 220 мың теңге жымқырғаны белгілі болды. 

Қазір күдіктінің жеке басы анықталып, 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қылмыстық іс тіркелген. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу