Жаңаөзенде жұмыссыздар жиһаз жасап үйренді

585

Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылында 15 адам жиһаз жасау бойынша екі айлық курстан өтті. Жобаның мақсаты-ауылдың жұмыссыз азаматтарын оқыту және жұмыспен қамтамасыз ету. 

Жаңаөзенде жұмыссыздар жиһаз жасап үйренді Фото: inbusiness.kz

Бұл жобаны "Мәңгілік ел Маңғыстау" қоры ұйымдастырды. Ол "Маңғыстау облысындағы "бір терезе" қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту  жобасы аясында шағын грант жеңіп алды.

"Жоба аясында 15 жұмыссыз ер адам Кендірлі ауылының ағаш өңдеу цехына түсу үшін арнайы оқыту курсынан өтті. Сонымен қатар, курс барысында дайындалған жиһаз осы ауылдағы осал отбасыларға таратылады", - деді қор жетекшісі Рухия Қалдыбай.

Бұл жоба жергілікті атқарушы органның тапсырысы бойынша және "Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы" ЗТБ "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен "бір терезе "қағидаты бойынша Маңғыстау облысындағы  азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту" жобасы шеңберінде іске асырылды.                                                        

   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу