Жаңаөзенде жұмыссыздық мәселесін шешуде өрескел заңбұзушылықтар бар

816

Жаңаөзен қаласындағы "ӨзенИнвест" мекемесіне жұмыспен қамту орталығы арқылы тізімге енбеген, яғни арнайы жолдамасы жоқ 72 адам жұмысқа қабылданғаны белгілі болды.

Жаңаөзенде жұмыссыздық мәселесін шешуде өрескел заңбұзушылықтар бар

Олардың 39-ы одан әрі "Таза су", "BN GROUP" серіктестіктеріне жұмысқа орналасқан. Заңсыз шешім "ӨзенИнвест" мекемесі басшылығының ішкі бұйрығымен және инженерлік-техникалық құрамының қатысуымен қабылданғаны анықталды. Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығының жолдамасынан тыс қабылданған азаматтар түгелдей жұмыстан шеттетілді. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жұмыстары жалғасуда. Материалдар тиісті органдарға жолданып, тергеу амалдары басталды.

Аталған заңсыздық Жаңаөзен қаласының әкімдігі "ӨзенИнвест" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қаржы-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізуі барысында анықталды.

Айта кетейік, Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу, азаматтарды жұмысқа қабылдау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы қала әкімдігі мен "Өзенмұнайгаз" АҚ арасында орталықтандырылған жүйе жасақталды. Оның ішінде мұнай саласына аутстаффинг мекемелеріне жұмысқа қабылдау тәртібінің сақталуына мониторинг жасалып отырады. Қала, ауыл тұрғындарын аутстаффинг арқылы жұмысқа орналасу тек қана қалалық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде бірыңғай орталықтандырылған жүйеге сәйкес іске асады.

Тасым Жаңай



 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу