Жаңаөзендік полицейлердің бастамасымен аталған іс-шара жыл басынан бері апта сайын өткізіліп келеді.
Соңғы аптада 410 әкімшілік қаулы бойынша жүргізушілерге 3 млн 139 мың теңге айыппұл салынған. Оның 2 млн 458 мың теңгесі өндірілді. Соңғы аптада 72 борышкерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулы жеке сот орындаушыларына жолданды.
Сондай-ақ Маңғыстауда бір тәулік ішінде құжаты жоқ 20 жүргізуші анықталды. Бір тәулік ішінде қоғамдық қауіпсіздікті және жол қозғалысын қадағалау барысында республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда тәртіп сақшылары 386 жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегін анықтады. Бір жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін, 19 жүргізуші құжатсыз көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ 30 жаяу жүргіншіге жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін айыппұл салынды. 16 жүргізуші көлік құралын пайдалануға тыйым салынған ақауларға қарамастан көлікті басқарған болып шықты. Құқық бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама жасалды.
Тасым Жаңай