Жаңаөзенде жыл соңына дейін төрт жүздей адам жұмыспен қамтылмақ

1169

Арнайы комиссия жұмыс істеуде.

Жаңаөзенде жыл соңына дейін төрт жүздей адам жұмыспен қамтылмақ

Жаңаөзен қаласында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі облыстық комиссия жұмысын бастады. Ол Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Аталған комиссияға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев төрағалық етеді және комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ өкілдері кіргізілген. 

"Арнайы құрылған облыстық комиссия бастамашыл топ өкілдерімен кездесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Екі тарап та өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырып, келіп түскен ұсыныстарды зерттеді. Нәтижесінде, облыстық комиссия жұмыссыз азаматтарды үш бағыт бойынша жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдады", – деп мәлімдейді облыстық баспасөз қызметі. 

Оған сәйкес, қазіргі күні қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы "Өзенмұнайгаз" АҚ-да 100, сервистік қызмет көрсететін серіктестіктерде 61 жаңа жұмыс орны құрылып, халықтың осал топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Бұл бағытта арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, 2022 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша қолданыстағы алгоритм негізінде 5 санат бойынша кезекте тұрған 100 адам жұмысқа орналастырылмақ. Осылайша, жыл соңына дейін 400 адам жүмыспен қамтылады. 

Бұдан бөлек, жаңадан құрылатын 61 жұмыс орнына үміткерлер жұмыссыз азаматтар қатарынан іріктеліп, "Өзенмұнайгаз" АҚ сервистік қызмет көрсету мекемелеріне ("КЕЗБИ", "ӨзенПромГеофизика", "БатысГеофизСервис", "АльянсОйлСервис", "КазПромТехКомпани", "Семсер-Өрт сөндіруші", "KUNAN-HOLDING" ЖШС) жұмысқа қабылданады. Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығында 5 санат бойынша және орта мерзімді кезең бойынша кезекте тұрған азаматтарды еңбекпен қамту жұмыстары жыл бойы жалғасады. Сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен шағын және орта бизнес өкілдері арасында ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданған. Бұған дейін аутстаффинг мекемелері арқылы соңғы екі жылда 1 700 азамат жұмысқа орналасқан.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу