Жаңаөзендегі апат орнында сарапшылар жұмысы жалғасуда

562

Жаңаөзен қаласында болған тұрғын үйдегі жарылыс себептерін анықтау үшін Алматы, Ақтөбе қалаларынан келген сарапшылар бүгін №51 үй аумағында жұмыстарын жалғастыруда.

Жаңаөзендегі апат орнында сарапшылар жұмысы жалғасуда Фото: inbusiness.kz

Қала әкімінің орынбасары Жансейт Қайнарбаевтың басшылығымен жауапты органдар мамандарға қажет болатын барлық  жағдайды жасап,  арнайы техникалармен қолғабыс етуде. Арнайы шақыртылған сарапшылар жұмыстары 2-3 күнге созылуы мүмкін. 

Ал "Қазтрансгаз Аймақ"  Жаңаөзен газ шаруашылығы мамандары бұған дейін 16 үйде уақытша тоқтатылған газды қайта қосу жұмыстарымен айналысуда. 

Сондай-ақ,  төтенше жағдай салдарынан үй жайларынан айырылған  тұрғындарға жаңа баспана алып беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 2 пәтер иесінің атына  жаңа  баспана рәсімделді. Қалған зардап шеккендерге жақын күндері тұрғын-үй кілттері табысталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу