Жаңаөзендегі газ ақауына қатысты тараған бейнежазбаға ТЖД түсініктеме берді

668

Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдегі жарылысты қарау орнынан бейнематериал көп қаралыммен тарауда.

Жаңаөзендегі газ ақауына қатысты тараған бейнежазбаға ТЖД түсініктеме берді Фото: ҚР ТЖД

17 сәуірде 2 шағын аудан,  51 үйде болған апат бойынша мамандар мен сарапшылар қазу жұмыстары жүргізіп, газдың шығуын анықтады делінеді бейнежазбада. Бұл мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді, деп түсіндірді Маңғыстау облысы ТЖ департаменті өкілдері. 

"Қаперіңізге саламыз, көрсетілген бейнероликтер жарылыстың дәлелі емес. Қазіргі таңда жүріп жатқан жарылыс-техникалық сараптама бірнеше кезеңнен тұрады. Оны көру арқылы бақылау аз.  Тереңірек және егжей-тегжейлі зерттеу үшін жағдайды бағалау қажет. Сонымен қатар қандай да бір жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", - деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу