Жаңаөзендегі жарылыс: Баспанасыз қалған 9 отбасы үйлі болды

533

Бұл туралы "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңаөзендегі жарылыс: Баспанасыз қалған 9 отбасы үйлі болды Фото: Qazaqstan.tv

Жаңаөзен қаласында болған төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған барлық отбасыға пәтер сатып алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

9 отбасы үшін үйдегі адам санына қарай екі бөлмелі 2 пәтер, үш бөлмелі 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алынған.

Сондай-ақ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жарылыс салдарынан көз жұмған жандардың отбасына барып, өзінің және компания атынан көңіл айтты.

"Бұл өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Бастарыңызға сынақ түскен кезде біз шет қалмай, Президенттің тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз", – деді ол. 

Еске салайық, 17 сәуір күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерде жарылыс болды. 4 адам көз жұмды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу