Жаңаөзенде тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.
"Екі адам жансақтау бөлімінде. Үшеуі травматология бөлімінде, бір адам қайтыс болды", делінген дереккөзде.
Сондай-ақ, зардап шеккендердің арасында балалар да бар, олар амбулаторлық емдеуге жіберілген.
Осыған дейін Жаңаөзен қаласында газ жарылып, 11 адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу