Жаңаөзендегі жарылыс туралы жаңа қорытынды шықты

436

16 мың куб шаршы метр газ сыртқа шығып кеткен.

Жаңаөзендегі жарылыс туралы жаңа қорытынды шықты     Фото: ТЖД

Тәуелсіз сарапшылар осы жылдың сәуірде Жаңаөзенде болған жарылыста бір емес, екі жалын болғанын анықтады. Олардың алғашқысы 7-пәтердің жертөлесінен, кейінгісі екі қабатты үйдің жертөлесінен шыққан деген қорытынды жасады. Екі ай бойы зерттеу жүргізген мамандар екі жарылыстың арасы екі-ақ секунд деген тұжырымға келді. 

Жарылыстан көз жұмған тұрғынның інісі Нұрлан Исатаев бұған дейінгі сараптама ұзаққа созылып, түрлі болжам айтылған соң өз күшімен тәуелсіз сарапшыларға жүгінген. Оның айтуынша, мамандар үйдің жертөлесіне көп көлемде газ қоспасының  жиналғанын алға тартқан.

"48 сағаттың ішінде 16 мың куб шаршы метр газ сыртқа шығып кеткен екен. Газ жертөлеге жиналған, біз сөзбен айтқанда. Толып жиналған соң жертөлені жарып жіберген. Ол газ деген әжетханаға бір тесікпен жетті ғой, сол тесік арқылы қайта кері оттың жалыны жертөлеге түсті деген әңгімені айтып тұр бұл жерде",- дейді жәбірленуші Нұрлан Исатаев. 

Нұрлан Исатаев осы сараптама қорытындысын қолына алған соң прокуратураға қылмыстық істің бабын өзгертуді сұрап арыз жазған. Құзырлы орган оның арызын назарға алмақ. Сондай-ақ, тәуелсіз сарапшылар газ құбырының үстінен су құбырын жүргізу кезінде олқылық болғанын анықтаған. Ал топырақты зерттеу кезінде құрамынан күкірт табылған екен. Айта кетейік, 17 сәуір күні Жаңаөзенде екі қабатты үйде жарылыс болып, 6 адам көз жұмды. Ал бұл оқиғаға құзырлы органдар әлі нақты шешім шығармай отыр.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу