Жаңаөзендегі жарылыс: Үш науқастың жағдайы ауыр

723

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 3 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Жаңаөзендегі жарылыс: Үш науқастың жағдайы ауыр Фото: inbusiness.kz

Жағдайлары әлі де ауыр. Біреуі Ақтаудағы облыстық ауруханада емделуде. Тағы 2 науқасқа да ота жасалды. Ал травмотология бөліміндегі 3 адамның жағдайы тұрақты. 

"Кеше екі операция болды. Бірінші операция жатырдағы баланы алып тастауға, екіншісі омыртқаға зақым келгені үшін жасалды. Облыстық ауруханадан төрт бригада келді. Травматолог, реаниматолог, нейрохирург бас мамандар біздің орталық ауруханада жұмыс істеуде.. Таңертеңнен кешке дейін ем процесін жасап, осы жерде болды. Екінші науқас 1977 жылғы. Қан қысымымен түсті. Екеуініңде жағдайы өте қатаң. Жасанды демалту аппаратымен демалып жатыр. Екеуі де реанимацияда", дейді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Раушан Жапарова. 

Жаңаөзен қаласында құтқару және үйіндіні аршу жұмыстары толық аяқталды. Енді келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Жарылыс орнына жақын тұрған көппәтерлі үйлерге газ беру уақытша тоқтатылды. Жаңаөзенде мамандар жарылыс болған аумаққа жақын жерлердің газбен жабдықтау жүйесін жіті тексеріп жатыр. Айтуларынша, дәл осы жерден газ реттеу пунктіне жерасты газ құбыры, ал одан тұтынушыларға жер үсті газ құбыры қатар өтетіні анықталып отыр. 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жансейіт Қайнарбаевтың айтуынша, шаһарға сараптамалық ұйым арнайы шақырылды. Ертең Ақтөбе, Алматы қалаларынан сарапшылар келеді. Жарылыстың нақты себебін білу үшін сарапшылардың ұйғарымы қажет. Тұрғындар тарапынан газдың исі шығатыны жөнінде шағым түспеді, дейді ол.

Үйлері қираған тұрғындардың өздері газдың ащы иісін сезгенін айтып отыр. Тіпті арнайы қызметке де хабарласып үлгерген. Бірақ оған селт еткен ешкім болмапты.

"Құбыр жүргізердің алдында траншея қазады. Оны қазып болды, жарылыс болардың алдында, он күн бұрын салды. Құбырын тартты. Екі-үш күннен кейін жаңағы иіс пайда болды. Менің ағам газға қарасты мекемеге қоңырау шалған. Осыны айтқан, "газдың исі шығады, мына жерді қараңдар" деп. Оған енді сол мекеменің әкімшілігі қалай қарағанын білмеймін", дейді қала тұрғыны Нұрлан Исатаев. 

Айта кетейік, 17 сәуірде Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 4 адам қаза тапқан еді. 13 тұрғын түрлі дене жарақатын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу