"Өздеріңізге мәлім Жаңаөзенде тұрғын үйлердің бірінде төтенше жағдай орын алған болатын. Аталған оқиғада 13 адам зардап шегіп, төрт адам қаза тапты. "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның еңбек ұжымы бақилық болған азаматтардың қайғысына ортақтасып, отбасы, ағайын-туыстарына көңіл айтады. Компания өз кезегінде апат болған орында үйіндіні аршу, тазалауға қажетті техникамен қамтамасыз етті және қажеттілікке байланысты көмек көрсетуге дайын. Сондай-ақ, мұнайшылар ерікті түрде бір күндік еңбек ақысын зардап шеккен адамдарға көмек ретінде арнайы шотқа аударатынын мәлімдейді", деп жазылған компания таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу