Жаңаөзендегі жарылыстан 4 адам көз жұмды

697

Алдын ала болжам бойынша газ баллон жарылды деген болатын. Алайда, құзырлы органдар мұны жоққа шығарып отыр. 

Жаңаөзендегі жарылыстан 4 адам көз жұмды Фото: ҚР ТЖМ

Жаңаөзен қаласында жантүршігерлік жағдай. Көппәтерлі үйдің бірінде жарылыс болып, 20-ға жуық адам зардап шекті. 4 тұрғын үйінді астында жан тапсырған. Құтқарушылар мен еріктілер әлі де болса жарылыс болған жерді тазалап жатыр. Сонымен апаттың себебі неде? Баспана мен бауырдан айырылғандарға қандай көмек көрсетіледі? 

Апат шамамен таңғы 4 шамасында болған. 2 кіреберістен тұратын 12 пәтерлі үй. Жарылыс салдарынан 4 пәтер жермен жексен болса, қалған 2 пәтер авариялық деп танылды. Мұндағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Алдын ала болжам бойынша газ баллон жарылды деген болатын. Алайда, құзырлы органдар мұны жоққа шығарып отыр. 

Сакиба Мажеева екі жылдан бері осы үйдің тұрғыны. Ол, апаттан бір күн бұрын облыс орталығына кеткен. Түн ортасында жайсыз хабарды көршілерінен естіпті.   

"Кеше Ақтауға кетіп қалдым бала-шағаммен. Таңғы 5-ке жақын балама біреу соқты. Үйіңіз солай солай болып жатыр деп. Не дейді деп атып тұрып келдік. 7-лерде келдік. Келсек мынадай болып жатыр. Көршілерім де... Адам шығыны бар дейді. Бәрі кетті, бәрі кетті. Үстіміздегі мына киімнен басқа дым жоқ", - деді қала тұрғын Сакиба Мажеева.

Жойқын жарылыстан көрші үйлердің терезесін шағып, есіктері қираған, бірнеше үйдің қабырғасына да зақым келген.  

"Біз ұйықтап жатыр едік. Бірдеңе тарсылдап шықты. Қорқып кеттік. Құдай жер қозғалған екен деп. Далаға шықсақ, мына жер көк тұман болып шаң шаң болып жатыр", - дейді қала тұрғын Гүлім Сарсенғалиева. 

12 пәтерлі үйде 17 адам болған. Оның 3-і үйінді астында, енді бірі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Денесін 60%-дан аса күйік шалған азамат шұғыл орталыққа жіберілді. Тағы екі науқас травматология бөлімшесінде. Ақхалаттылар енді жүкті әйел мен үлкен салмақтың астында қалған екі науқастың өмірі үшін күресіп жатыр. 

"Нақты қазір реанимацияда 2-у, Травмотология бөлімшесінде 3-у. 5 науқас. 6-у еді, біреуі облыстық ауруханаға жіберілді. СКЛ: (03:00-03:10) - Кішкентай қыз оде то 5-6 жасар, одан үлкені 10-12 жасар. Қалғандары үлкен адамдар", - деді Қалалық көпбейінді аурухананың директоры Серік Асқаров.

Тұрғындар соңғы күндері сұйытылған отын иісін байқағанын айтады. Алайда, мән бермесе керек. Қазір барлық зардап шеккен азаматтар үйінді астынан шығарылды. Енді апаттың себебін анықтау қажет. 

"Алғашқы болжам бойынша газ балон жарылды деген ақпарат түсті. Алайда, төтеншеліктердің тексерісінен кейін үйінділерді тазалау кезінде ешқандай балон анықталмады. Қазіргі таңда газ ауасының қоспасының себебінен жарылыс болды деген болжам бар СКЛ: (01:44-01:53) - Жарылу себебімен департаментте қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстың 292-бабының 3-тармағымен", - дейді Облыстық ТЖД бастығы Мұрат Мұханов.

45 жыл бұрын тұрғызылған үйдегі жарылыстың себебін алдағы уақытта мамандар айтады. Ал жергілікті билік қаза болғандар мен  жапа шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Жаңа баспана беру мәселесі де қарастырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу