Жаңаөзенде тұрғын үйдегі жарылыстан қаза тапқандардың саны 3 адамға жетті

670

Жаңаөзенде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.    

Жаңаөзенде тұрғын үйдегі жарылыстан қаза тапқандардың саны 3 адамға жетті Фото: Tengrinews

Құтқарушылар үйінді астынан тағы 3 адамды аман алып шықты. Олардың арасында ер адам, әйел адам және бір бала бар, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне слітеме жасап.

"Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 3 адамның денесін алып шықты. Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылған. Оның ішінде құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу