Көпсалалы аурухана дәрігерлерінің айтуынша, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді.
"Өкінішке орай, дәрігерлер оларды құтқара алмады, жағдайлары өте ауыр болды. Біз туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", дейді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 17 сәуірінде таңертең Жаңаөзен қаласының 2 шағын ауданында көппәтерлі үйде газ жарылды.
Жарылыс толқынынан 150 шаршы метрлік кіреберіс құлады. Оқиғадан төрт адам қаза тауып, алты адам зардап шекті. ҚР ТЖМ деректері бойынша, қайғылы жағдайдың алдын ала айтылған себебі- газ-ауа қоспасының жарылысынан болған.