Жаңаөзендік "КЕЗБИ" мұнай сервистік компаниясының қызметкерлері ереуілді тоқтатты

691

Жұмысшылар талаптары қанағаттандырылғанын айтты. Әлеуметтік желіге бейнеүндеу жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Жаңаөзендік "КЕЗБИ" мұнай сервистік компаниясының қызметкерлері ереуілді тоқтатты

"Біздің ереуіл аяқталды. Ортақ жеңіске жеттік. Елордада болғанымызда тамақ әзірлеп, үйге шақырған барша Қазақстан халқына, көпбалалы аналарға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар басынан аяғына дейін бізбен бірге болған "Қазмұнайгаздан" келген Құрманғазы Есқазиевке үлкен алғысымызды білдіреміз", – дейді "КЕЗБИ" ЖШС қызметкерлерінің бірі.

Естеріңізге сала кетейік, мұнай сервистік компания қызметкерлерінің ереуілі бір айға созылды. Қызметкерлер жалақыны көбейтуді, еңбек жағдайларын жақсартуды, міндетті төлемдерді есептеуді және қайта өңдеуді болдырмауды талап етті.

Кейін "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Айгүл Өтешева митингшілердің орташа жалақысы шамамен 700 мың теңге екенін мәлімдеді. Ереуілшілер сотқа тартылды, кейбіреулері жұмыстан шығарылды.

Қызметкерлердің өздері жалақы мөлшері туралы БАҚ-тан біліп отырғанын, келіспейтіндіктерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу