Наразы топ еліміздің өзге де теміржолшыларымен талаптары бірдей екенін айтты.
"Біз Жаңаөзен қаласының теміржол жұмысшылары Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстантеміржолының президенті Нұрлан Сауранбаевқа үндеу жолдаймыз. Біздің теміржол жұмысшыларының талабы: жалақымыздың 100% көтерілсін. Сонымен қатар, ұжымдық, кварталдық, жылдық сыйақы төлеуіңізді талап етеміз!"-дейді теміржолшылар.
Елімізде жер-жердің теміржолшылары айлықты көтеруді, сыйақы беруді талап етіп, наразылық акциясын бірінен кейін бірі өткізіп жатыр. Балқаш қаласында басталған акцияға Қарағанды, Астана, Атырау және Жаңаөзен теміржолшылары қосылды.