Жаңаөзендік жасөспірім үйіне барудан бас тартты

858

Анасы оны есінен танғанша ұрған.

Жаңаөзендік жасөспірім үйіне барудан бас тартты

Жаңаөзен қаласында 9 сәуір күні туған анасынан таяқ жеп, ауруханаға түскен қыз балаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Жасөспірімге "миы шайқалған" деген диагноз қойылған болатын. Анасының оны басынан темір затпен ұрғаны анықталған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Анасы есінен танғанша ұрған 16 жастағы 10-сынып оқушысын ауруханаға өгей әкесі алып келген. Ол ауруханада емделіп болғаннан кейін, Ақтау қаласындағы бейімдеу орталығына жіберілуі мүмкін. Баланың өзі үйіне барудан үзілді-кесілді бас тартқан. Белгілі болғандай, ол отбасындағы жалғыз бала екен. Соған қарамастан, анасынан таяқ жемейтін күні жоқ, әбден шаршаған. Қазіргі күні онымен психолог жұмыс жасап жатыр.

"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижелерін алғаннан кейін материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі", – дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Жасөспірім қыздың анасын ата-аналық құқынан айыру жайы қозғалғанмен, соттың қандай шешім қабылдары әзірге белгісіз. Ал қалалық білім бөлімінің қызметкерлері қызын ұрып-соққан әйелмен ақыры тіл табыса алмаған, "Ол кісімен сөйлесу мүмкін емес, өзін адекватты ұстамайды" деп жауап берген. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу