Жаңаөзендік жастар жұмыс сұрап, наразылық білдірді

409

Наразы топ Президенттен көмек сұрайды. 

Жаңаөзендік жастар жұмыс сұрап, наразылық білдірді

Жастар тұрақты жұмысқа орналастыруды талап етіп, үндеу жариялады. Наразы топ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақовқа және жергілікті депутаттарға жүгініп, жұмысқа орналасу мәселесін шешуді сұрайды.

"Біз әкімдік жолдаған маусымдық, уақытша жұмыстарды істедік. Айдан айға жетпейтін жарымаған жалақымен жүрдік. Біздің тұрақты жұмысымыз жоқ. Бізге тұрақты еңбек ететін мекеме қажет",- дейді жастар.                                                 

Осындай талаппен олар бірнеше рет шенеуніктерге жүгінген, бірақ нәтиже болмаған. Талаптары бұл жолы да орындалмаса,  Жаңаөзен қалалық әкімдігінің жанында жұмысқа орналасқанға дейін тұрмақ.                                            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу