Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан елінің шекарасына дейін апаратын жол жөнделеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жалпы ұзындығы 229 шақырымды құрайтын "Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы" автожолын жөндеу мәселесі пысықталуда. Бұл Кендірлі курорттық кентінің және Маңғыстау облысының туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етпек. Құрылыс жұмысы жоспарымен Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен барған көлік министрі Марат Қарабаев бөлісті.
Қазіргі уақытта бұл жол IV техникалық санатқа жатады.
Марат Қарабаев Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан шекарасына дейінгі күре жолды көлікпен жүріп өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу