Жанар-жағармай бағасы 2026 жылдың тамызына дейін қалай өзгеруі мүмкін

127

Елімізде былтыр "сұр импорт" көлемі артқан.

Жанар-жағармай бағасы 2026 жылдың тамызына дейін қалай өзгеруі мүмкін Фото: canva.com

Энергетика министрлігі бензин мен дизель бағасын белгілеу саясатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі Қазақстанның жанармай нарығындағы бензин мен дизель бағасын "табыс теңсіздігі" ретінде бағалап отыр. Министрліктің анықтамасында былтыр "сұр экспорттың" көлемі артқаны атап өтілген.

"Жанар-жағармайдың заңсыз сыртқа шығарылуына қарсы қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бензин мен дизель отынының қоры 1,007 млн тоннадан 646 мың тоннаға дейін, ай сайын 10 мыңнан 50 мың тоннаға дейін азайып кеткен. Оның ішінде бензин қоры 453 мың тоннадан 382 мың тоннаға дейін (-16%), дизель қоры 554 мың тоннадан 264 мың тоннаға дейін (52%) азайды", – делінген анықтамада.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың ақпанынан 2026 жылдың тамызына дейін бензин бағасы литріне 205 теңгеден 281 теңгеге, дизель бағасы 295 теңгеден 343 теңгеге дейін өседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу