Жанар-жағармай бекеттерінде 4 млн тоннадан астам бензин сатылды

646

Бензин сатылымының өсімі 11,2%-ды құрады.

Жанар-жағармай бекеттерінде 4 млн тоннадан астам бензин сатылды

2021 жылы Қазақстанда 6,4 мыңға жуық жанар-жағармай құю, автогаз құю және автогаз толтыру компрессорлық станциялары тіркелді. Көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 1,5%-ға артық. Бұлардың 2,1 мыңы ауылдық жерлерде орналасқан. 

Станциялардың көбі Түркістан (701 бірлік), Алматы (509 бірлік) және Қарағанды (496 бірлік) облыстарында шоғырланған. Ең азы Атырау (171 бірлік), Солтүстік Қазақстан (216 бірлік) және Батыс Қазақстан (224 бірлік) облыстарына тиесілі.

Бұл ретте 3,9 мыңы – жанар-жағармай құю станциясы (бір жылда 1,6%-ға қысқарған). 2,5 мыңы – автогаз құю станциясы (бір жылда 6,4%-ға өсті). 18-і – автогаз толтыру компрессорлық станциясы. 

Жанар-жағармай құю, автогаз құю және автогаз толтыру компрессорлық станцияларының мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату көлемі 26,4%-ға ұлғайып, 2021 жылы 1,4 трлн теңгені құрады. 

Бөлшек сауданың барлық көлемінің үштен бір бөлігі үш өңірге тиесілі: Алматы (168,4 млрд теңге), Алматы облысы (167,2 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (111,4 млрд теңге).

Станцияларда мұнай өнімдері бөлшек саудасының құндық мәндегі ең үлкен көлемі бензинге тиесілі – 876,9 млрд теңге. Бір жыл ішіндегі өсім – 24,5%. Бензиннің ішінде АИ-92 сұранысқа ие (сату көлемі 703 млрд теңге). Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 21,3%-ға артық. АИ-95/96 көрсеткіші 165 млрд теңгені құрады, жылдық өсім – 39,5%, АИ-98 үшін – 8,9 млрд теңге, өсім – 42,4%.

Заттай мәнде бензин сатылымы 4,3 млн тоннадан асты. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға артық. Оның ішінде жылына 3,6 млн тонна (+9,1%) АИ-92; 738,4 мың тонна (+21,6%) – АИ-95/96; 37,6 мың тонна (+25,7%) АИ-98 өніміне тиесілі. 

Ғалия Әділ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу