ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысында шекараға жақын маңда жер асты арқылы жүргізілген екі пластикалық шлангі табылған. Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылыпты.
Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз отын тасымалдауға арналған, жасырын жер асты магистралі болуы ықтимал.
Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат беріліп, қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу