Жанар-жағармай жетіспеушілігін болдырмау үшін министрлік қандай шаралар әзірледі

1107

Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанар-жағармай жетіспеушілігін болдырмау үшін министрлік қандай шаралар әзірледі

Ведомство басшысы биылғы жылы ТШО, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және NCOC консорциумдары құрған мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін оқшаулауға кіріскенін атап өтті.

Қазіргі уақытта операторлардың ұсынысы бойынша, орталық үш тауар тобын: бекіту арматурасын (клапандар), электротехникалық жабдықты, БӨА және А (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика) талдауға және оқшаулауға бағытталған.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев биыл жергілікті қамтуды дамытудың Тікелей инвестициялар қоры құрылғанын еске салды.

"Шеврон" компаниясы Республика алдындағы өзінің қайта инвестициялау міндеттемелері шеңберінде жергілікті қамтуды дамытуға 248,5 млн АҚШ долларын бөлуде. Инвестициялар басымдылық технология мен IT, базалық тауарлар өндірісі және мұнай-газ секторына арналған жабдықтардың жекелеген түрлерін құрастыру және қоршаған ортаны қорғау үш бағыты бойынша салынатын болады, бірақ олармен шектелмейді.

Бүгінде қор "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында тіркелген. Өтінімдерді қабылдау а.ж. 29 желтоқсанында Шеврон жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорының сайтында басталады.

"Осындай бастамалардың арқасында біз мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісінің өз жүйесін құруымыз керек", – деп түйіндеді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу