Жанар-жағармайды көлікпен әкетуге 4 айға тыйым салынады

567

Жаңа шектеулер бензин, дизель отыны, басқа да мұнай өңдеу өнімдерінің жекелеген түрлерін қамтиды.  

Жанар-жағармайды көлікпен әкетуге 4 айға тыйым салынады Фото: gov.kz

Республика аумағынан жанар-жағармай материалдарын көлікпен әкетуге 4 айға тыйым салынады, деп жазады inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, тасымалдаушылардың, экспедиторлардың, кеден өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың назарына "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрыққа сәйкес, майлау майларын қоспағанда (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0), көліктің барлық түрлерімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 4 ай мерзімге тыйым салынатынын жеткізеді", - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.

"Осыған орай аталған тауарларды республикадан тыс жерлерге әкету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде көрсетілген тыйымды сақтау қажеттігіне назар аударуды сұраймыз", - деп мәлімдеді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу