Жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін тексеру жүргізіледі

536

Кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады.

Жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін тексеру жүргізіледі Фото: gov.kz

2023 жылғы 6 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуал бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.

Сонымен қатар кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады.

Осыған байланысты ЖЖМ ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін:

- Өңірлік штабтарға (ЖАО, БҚДД, МКД, ЭТД, ТМРД) ЖЖМ жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында өңірлік мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдау;

- Бұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізу тапсырылды.

Анықтама:

  • ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
  • БҚДД – бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері;
  • МКД – мемлекеттік кірістер департаменттері;
  • ЭТД – экономикалық тергеу департаменттері;
  • ТМРД – табиғи монополияларды реттеу департаменттері.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу