Жанармай бекеттері "бензин жоқ" десе, бізге хабарлаңыздар – Энергетика министрлігі

1078

ҚР Энергетика министрлігі әлеуметтік желідегі "жанармай бекеттерінде бензин жоқ" деген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.  

Жанармай бекеттері "бензин жоқ" десе, бізге хабарлаңыздар – Энергетика министрлігі

 "Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде "кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ" деген ақпарат пайда болды. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті", – деп жазады министліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметіне сенсек, елде бензин тапшылығын туғызатындай негіз бен алғышарт жоқ.

"Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу +7 777 999 52 18 WhatsApp нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді. Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады", – делінген ресми ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу