Сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні бетперде киген адам жанармай құю бекетіне басып кіріп, кассирді тапаншамен қорқытып, 70 000 теңгесін алып кеткен.
Көп ұзамай полицейлер 27 жастағы күдікті жергілікті такси жүргізушісін ұстады. Тергеу ол сәуірдің 24-інен 25-іне қараған түні Алматыда осыған ұқсас тағы бір қылмыс жасады деп есептейді.
Такси жүргізушісінің көлігінен алты патроны бар РС-31 револьвері табылды. Қару тәркіленіп, күдікті қамауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу