Қазақстанда "Эталон" жанармай құю станциясына жарты млн теңге айыппұл салынды.
Ақпаратқа сәйкес, комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті - "PETROLEUM TRADE" ЖШС "Эталон" жанармай құю станциясына қатысты Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.
"Тексеру барысында KIXXG1 5W40, 1 L, майының (өндірушісі: GSCaltexCorp, GSTower 508, Nonheyon-ro, Seoul, Korea), маркалы мотор майының КҚ ТР 4.4 тармағының талаптарына сәйкес келмеуі анықталды. Сондай-ақ ұсынылған бейнематериалдар бойынша заңды тұлғаның талабы бойынша сапа паспортының көшірмесін немесе қауіпсіздік паспортының көшірмесін сатушының ұсынбауы дерегі тіркелді. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 415-бабының 1-бөлігіне сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығару бойынша нормативтік құқықтық актілермен жауапкершілік көзделген. "PETROLEUM TRADE" ЖШС "Эталон" ЖҚС қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды", - делінген хабарламада.
Осылайша жанармай құю станциясына жалпы сомасы 534 750 теңге көлемінде айыппұл салынды. Белгілі болғандай, бүгінгі таңда айыппұлдың толық соммасы төленген.