Жанармай мен авиациялық жағармай қоры құрылады

1602

Жанармай мен авиациялық жағармай қоры құрылады

Елімізде келер жылы жанармай мен авиациялық жағармай қоры құрылмақ. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды almaty.tv.

Аталмыш қор мұнай өңдеу зауыттары істен шыққан, болмаса өзге де кедергілер туындаған жағдайда қолданысқа жіберіледі.

"Компанияларды және министрлікті жинап бір ұсыныс дайындап жатырмыз. Біз ойлаймыз Қазақстанымызда келесі жылдан бастап 1 резерв жасаймыз. Резерв мысалы, мен айта алмаймын қанша елу мың ба, жүз мың ба бензин ұстаймыз. Резервте дизельдік топлива тиісті көлемінде ұстаймыз және авиакеросин ұстаймыз. Сондай шараларды қабылдаймыз", - деді ҚР энергетика министрі, Қанат Бозымбаев.

Ал, Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының істен шығуы қысқы жанармай бағасына әсерін тигізбейді. Себебі, аталмыш зауыт тек жазғы қажеттілікті өңдеуге қауқарлы екен. Осыған орай, қазақстан қысқа керек көлемді ресейден сатып алады. Айта кетейік, жаздық және  маусым аралық жанармай бағасы литріне 157 теңгені құраған.

"Жазда өңделген жағармай қазіргі кезде тек медициналық бағытта қолданылады. Себебі, ол ауа температурасы минус 10-ға түскен кезде жарамсыз күйге енеді. 20 градус суыққа дейін шыдайтын бензинді сырттан сатып алып отырмыз. Оны 4 желі іске асырады. Баға көлемі де тұрақты болмақ. Ал, қысқы дизель отынының бағасын біз бақылай алмаймыз. Себебі, оның құны сұраныс пен ұсынысқа тікелей байланысты",-деді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу