Жанармай мен дизель отынын өндірушілер жыл соңына дейін акцизден босатылады

1412

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға салынатын қосымша құн салығы 8%-ға дейін төмендейді.

Жанармай мен дизель отынын өндірушілер жыл соңына дейін акцизден босатылады

Қазақстан үкіметі экспортқа авиа-отыннан басқа жанар-жағармай өндіретін компанияларды 31 желтоқсанға дейін акцизден босатты. Мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру бойынша үкіметтің 2020 жылдың 27 наурыздағы №141 қаулысына сәйкес енгізілді. 

"Қазақстан Республикасының аумағында экспортқа өткізілетін бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге акциз төлеуден босатылсын", – деп жазылған Премьер-Министрдің ресми ақпараттық ресурсында. 

Бұдан бөлек аталған қаулыға сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарларға салынатын қосымша құн салығы 8%-ға дейін төмендейді. Бұл өзгерістер 2020 жылдың 1 қазанына дейін жүзеге асады. Экономиканы тұрақтандыру мақсатындағы бастама импорттық азық-түлік түрлеріне қатысты. Сондай-ақ, үкімет қаулысына сәйкес орта және шағын бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен төлемдер мерзімі биылғы 1 маусымға дейін ұзартылды. Ал міндетті алымдарын өтемегендерге 1 маусымға дейін айыппұл салынбайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу