Жанармай мен сұйылтылған газ бағасы ақпаннан бастап қымбаттайды

260

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жанармай бағасы қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жанармай мен сұйылтылған газ бағасы ақпаннан бастап қымбаттайды Фото: canva.com

– Мұнай өнімдерінің бағасының өсуі туралы айтсақ, бұған дейін Президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойды. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру туралы шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар. 

Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шараларды Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды, – деді ол.

Министр жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасын ақпан айынан бастап өсіруді жоспарлап отырғандарын мәлім етті. 

– Сұйытылған газ құны да жақын арада қымбаттайды. Ал жазда тауарлық газдың бағасы көтеріледі деп күтеміз. Былтыр баға өсуінің бірінші кезеңінен өттік. Сұйылтылған газ құнының шекті бағасы 54-85 теңге аралығында болды. Енді алдағы уақытта аймаққа байланысты 64-98 теңге аралығында болады, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу