Ашық нормативтік құқықтық акт сайтында жарияланған бұйрыққа сәйкес, АИ 80 маркалы бензиннің тоннасы 93 мың 161 теңге болып бекітілуі тиіс. Ал АИ 92 және 93 маркалы жанармайдың көтерме саудада өткізуге арналған бағасы 193 649 теңге. Бір тонна дизель отынының шекті құны 236 156 теңге болмақ. Құжат жобасы көпшілікке 24-наурызда ұсынылған. Оны қоғамдық талқылау 30-наурызға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу