Жанартаудан аққан лава мұхитқа төгіліп жатыр

800

Жанартаудан аққан лава мұхитқа төгіліп жатыр

АҚШ-тың Гавайи аралдарында Килауэа жанартауынан аққан ыстық шоқ жолындағы шаруа қожалықтары мен ормандарды күлге айналдырып жатыр. Сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жылжыған лава мұхитқа төгіліп, ауада улы бұлттар пайда болуда, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандардың айтуынша, жел тұрса, оның бағыты да өзгеруі мүмкін. Сондықтан жергілікті билік тұрғындар мен саяхатшыларға қауіпті аймаққа бармауға кеңес беріп отыр.

Еске сала кетейік, Килауэа жанартауы 3 мамырдан бері атқылап жатыр. Жанартаудың күл мен от шашуынан тау сілемдерінде ондаған жарықшақ пайда болып, лава аға бастады. Ыстық шоқ ондаған үйді бүлдіріп, апат аймағынан 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу