Жанартаудың оянуына байланысты әуе компаниялары ұшуды тоқтатты

991

Жанартаудың оянуына байланысты әуе компаниялары ұшуды тоқтатты

Аустралиялық Qantas, Virgin Austalia және гонконгтік Cathay pacific әуекомпаниялары жанартаудың оянуына байланысты Балиге ұшуды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Әуе айлағының әкімшілігі атап өткендей, қазіргі таңда әуежай қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр. Рейстерді тоқтату және ауыстыру туралы шешімді әуе компанияларының өзі қабылдаған. Табиғи апаттың алдын алу бойынша ұлттық агенттіктің ақпаратына қарағанда, кестенің өзгеруі 2 мың адамға салдарын тигізген. Олардың басым бөлігі Денпасар әуежайында қалуға мәжбүр болған туристер.

25 қараша күні агенттік Агунг аралының ең биік тауында орналасқан жанартаудың атқылағанын хабарлаған. Оның биіктігі 1,5 шақырым биіктікке жеткен. Тауға жақын маңдағы тұрғындар жедел эвакуацияланған.

Бұдан бұрын осы ведомствоның ресми өкілі Сутопо Нугрохо, негізгі туристік бағыттар Кута, Нуса-Дуа аралдары, сондай-ақ Денпасар әкімшілік орталығы жанартау атқылаған жағдайда да зардап шекпейтіндігін атап өткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу