Жаңартылатын энергия көзінің үлесі 3%-ға жетті

996

Жаңартылатын энергия көзі Қазақстанның энергетикалық кешенін дамыту векторының біріне айналды. 

Жаңартылатын энергия көзінің үлесі 3%-ға жетті

Бұл туралы халыққа есеп беру барысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2020 жылы біз "Жасыл экономика" тұжырымдамасы шеңберінде өзімізге алған міндеттемелерді орындап, елдің жалпы энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көзінің үлесін 3%-ға дейін жеткіздік", – деді министр. 

Нұрлан Ноғаевтың дерегінше, былтыр жаңартылатын энергия нысандары өндіретін электр энергиясының көлемі 3,2 млрд кВтсағ құрады. Секторға шамамен 1,5 млрд доллар инвестиция тартылып, 1 310 тұрақты жұмыс орны құрылды. 

"2021 жылы жалпы қуаты 381,1 МВт болатын 23 жобаны іске асырып, шамамен 370 млн доллар инвестиция тарту жоспарланып отыр", – деді энергетика министрі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу