Жаңартылған 30 теміржол вокзалы 1 шілдеге дейін пайдалануға беріледі

343

Жоба аясында 124 вокзал қамтылған.  

Жаңартылған 30 теміржол вокзалы 1 шілдеге дейін пайдалануға беріледі Фото: Үкімет

1 шілдеге дейін модернизациядан өткен 30 вокзал пайдалануға беріледі. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тәуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды "Теміржол вокзалдарын жаңғырту" бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.  Жоба аясында еліміздің барлық өңіріндегі 124 вокзал қамтылған. Қосымша жергілікті мемлекеттік органдар вокзал маңындағы алаңдарды жөндеп жатыр. Алғашқы 30 вокзалды биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін пайдалануға береміз", – деді министр.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында 754 шақырым жаңа жол салынып, 3 мың шақырым жолда модернизациялау жұмыстары аяқталуға жақын. Нәтижесінде тасымалдау мүмкіндігі мен транзиттік әлеует артатыны белгілі болды. 

Айта кету керек, елдегі жалпы жүк айналымының 57%-ы теміржол көлігіне тиесілі екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу