Жаңартылған бизнес-үдерістерді автоматтандыру Қазпоштадан басталады

1593

Жаңартылған бизнес-үдерістерді автоматтандыру Қазпоштадан басталады

"Самұрық-Қазына" АҚ қоржын компаниялары стандарттарды – компаниялардың корпоративтік міндеттерін ұйымдастыру, соның ішінде бухгалтерлік және салықтық есеп, қазынашылық, адам ресурстарын басқару, ақпараттық қауіпсіздік, оперативті жоспарлау, тәуекелдерді басқару және т.б. бойынша әлемдік озық тәжірибедегі үлгілерді енгізуді бастады. Стандарттады енгізу компаниялардың оперативті қызмет тиімділігін барынша арттырып, тікелей стратегиялық мақсаттармен айналысуға мүмкіндік береді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

"Біз алдымен жаңа операциялық үлгілерді жасап, ұлттық компаниялардағы ұйымдастыру құрылымдарының жұмысын жеңілдеттік, бұдан кейін бизнес-үдерістерді стандарттарға сәйкестендірдік. Осы өткен кезеңде 30 мыңға жуық үдерістер қайта қаралды, компанияларды басқару деңгейі бұрынғы 9-дан 4-5 сатыға дейін қысқарды. Осының арқасында қызметтердің қосарлануынан, басы артық есеп пен ескірген регламенттерден арылдық. Келесі маңызды кезең – автоматтандыру, кез келген коммерциялық бастамалардың табысы осы үрдістерді дұрыс іске асыруға байланысты", – деді Адамас Илькявичюс, "Самұрық-Қазына" АҚ трансформация мен арнайы жобалар бойынша басқарушы директоры.

Стандартты үдерістерді енгізуді бастаған алғашқы компанияның бірі – Қазпошта, барлық өңірде бөлімшелері бар (3 мың бөлімшеге жуық) әрі тұрғындармен тікелей жұмыс істейді. Компанияны автоматтандыру HR-үдерістерден басталды, өйткені, компанияның 60% шығыны қызметкерлерімен байланысты. Осы орайда адам ресурстарын тиімді басқару Қазпоштаның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Компания лауазымдық тізбені сәйкестендіріп, оларды 178-ден 42-ге дейін қысқартты. 23 мың қызметкер туралы ақпарат жаңа автоматтандырылған жүйеге көшірілді. Осы жылдың аяғына дейін жалақыны есептеу, қызметкерлерді іздеу, табу,оқыту, бағалау бойынша HR-үлгілер енгізіледі.

"Қазпоштаның HR-қызметін автоматтандыру қызметкерлердің орталықтандырылған есебін жүргізіп, штаттық кесте мен әр қызметкердің міндет бөлісіне қатысты оперативті мәлімет алуға, сол арқылы сапалы басқаруға мүмкіндік туғызады", – деді "Қазпошта" АҚ бизнес-шешімдерді интеграциялау бағыты бойынша жетекшісі Бауыржан Қайырбеков.

HR-міндеттерді автоматтандырғаннан кейін босайтын еңбек ресурстарын басшылық коммерциялық тұрғыда басым болып табылатын маркетинг және сату саласына бағыттауды көздеп отыр.

"Бұдан әрі Қазпоштаның барлық корпоративтік қызметтері сәйкестендіріледі. Қызметкер Астанада немесе Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай ауданында тұрып жатса да, барлығы біркелкі үдеріспен, регламентпен жұмыс істейтін болады", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу