Жанат Элиманов Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

912

Жанат Қалдыбекұлы 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Жанат Элиманов Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Жанат Элиманов министрлікке қарасты Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарудан бастаған.

2000 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының және Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) прокуратура органдарында жұмыс істеген.

2007 жылдан 2017 жыл аралығында әділет және қаржы министрліктерінің, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі агенттігінің құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды.

2017 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдар атқарды.

2019 жылдың ақпан айынан сәуір айы аралығында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болды.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу